«Тіл туралы» заңның 21-бабы нені реттейді?

    ·
    Сұрақ

    «Тіл туралы» заңның 21-бабы нені реттейді?

    Жауап
    21-бап Қазақстан Республикасындағы көрнекі ақпараттың (жарнама, маңдайша, хабарландыру, баға көрсеткіштері, мәзірлер және т.б.) тілдік рәсімделу тәртібін реттейді. Бұл норма қоғамдық кеңістіктегі тілдік ортаның бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
    Мысал:
    Дүкеннің маңдайшасында және ішіндегі ақпараттарда келесі жазулар бар:
    «Супермаркет» деген атау алдымен қазақ тілінде – «Супермаркет», кейін орыс тілінде жазылған.
    Баға көрсеткіштері: «Нан – 150 теңге» (қазақ тілінде), қажет болса орыс тілінде де көрсетіледі.
    Мәзір немесе тауар атаулары алдымен мемлекеттік тілде беріледі.
    Егер дүкен тек шетел тілінде (мысалы, тек ағылшынша) жазса, бұл заң талаптарына сәйкес келмейді.
    Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тарихи тұлғалар тізіміне енгізу үшін қандай талаптар мен құжаттар ұсынылуы қажет?

    Жауап

    «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін ұсынылатын тұлға қоғам мен мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан, елге танымал, тарихи маңызы бар тұлға болуы тиіс.Атап айтқанда, бұл тізімге көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ хандары, билер, батырлар, жыраулар, ақын-жазушылар...

    ·
    Сұрақ

    Тарихи мұра объектілерін кім қорғайды?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар (мәдениет басқармалары), Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жергілікті атқарушы органдар, Қоғамдық ұйымдар.Мысал:Түркістан қаласындағы көне кесене тарихи-мәдени мұра объектісі болып табылады.Бұл нысанды қорғау Қазақстан Республикасын...

    ·
    Сұрақ

    Архивтік анықтаманы алу үшін қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай тапсыруға болады?

    Жауап

    Архивтік анықтаманы алудың 3 жолы бар. Архивтік анықтаманы алу үшін жеке тұлға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, архив мекемесіне тікелей немесе eGov.kz порта...

    ·
    Сұрақ

    Ваучер деген кім?

    Жауап

    "Ваучер — бұл бала туралы барлық ақпаратты қамтитын бірегей нөмір. Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды. Мысал:Айша 8 жасар қыз. Ол баланың спортқа қызығушылығы бар, сондықтан ата-анасы оған спорттық үйірмеге жазылуын қалайды.Айшаға ваучер беріледі, оның нөмірі...

    ·