Архивтік анықтаманы алу үшін қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай тапсыруға болады?
| Архивтік анықтаманы алудың 3 жолы бар. Архивтік анықтаманы алу үшін жеке тұлға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, архив мекемесіне тікелей немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (ХҚКО) Мысал: Азамат Айгүл 1995–2000 жылдар аралығында жұмыс істегенін дәлелдеу үшін архивтік анықтама алғысы келеді. Ол тұрғылықты жеріндегі ХҚКО-ға барып, өтініш жазады. Өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін апарады. ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдап, тиісті архивке жібереді. 11 жұыс күннен кейін Айгүл дайын анықтаманы сол жерден барып алады. 2. Архив мекемесіне тікелей бару арқылы Мысал: Азамат Нұрлан әкесінің еңбек өтілі туралы мәлімет керек болғандықтан, қалалық архивке өзі барады. Архивке келген соң, өтініш жазып, жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады. Архив қызметкерлері сұранысты қарап, 11 жұыс күн ішінде Нұрланға қажетті архивтік анықтаманы береді. 3. eGov.kz порталы арқылы онлайн Мысал: Азамат Дана үйінен шықпай-ақ архивтік анықтама алғысы келеді. Ол eGov.kz порталына кіріп, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіреді. Қажетті қызметті таңдап, онлайн өтініш толтырады және жеке куәлігінің деректерін енгізеді. Өтінішті жібергеннен кейін 11 жұмыс күн ішінде дайын архивтік анықтама оның жеке кабинетіне электронды түрде келеді. |