Мемлекеттік мүлік жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) қалай беріледі

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік мүлік жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) қалай беріледі

    Жауап

    1, Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді (Объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді).
    2. Жалға беруші объект туралы ақпаратты баланс ұстаушы ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
    3. Жалға беруші объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімді веб-порталда орналастыруды қамтамасыз етеді.
    4. Қорытынды шығару, шарт жасасу, қабылдау-тапсыру актісін жасау.
    5. Шарт талаптарының тиісінше орындалуы кезінде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қосымша келісім екі реттен артық жасалмайды. Негізгі шарттың қолданылуын ұзартудың жалпы мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі және одан да көп өтінім берілген жағдайда тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады (күнтізбелік 15 күн).
    6. Тендерлік комиссияны өткізу.
    7. Кепілдік жарнаны бекіту (Жылжымайтын мүлік объектісін беру кезінде тендерге қатысу үшін кепілдік жарна жалдаушының қызмет түрі мен ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициенттер қолданылмай және ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін мүліктік жалдауға беру кезінде ортақ пайдалану орындарына қолжетімділікті ескермей есептелген объект үшін айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді. Өзге мүлік берілген кезде кепілдік жарна айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді).
    8. Қорытынды шығару, шарт жасасу, қабылдау-тапсыру актісін жасау.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы кім және оны анықтау қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 40-тармағына сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көздел...

    ·
    Сұрақ

    Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    1. Мемлекет меншігіне берілетін мүліктің меншік иесі аумақтылығы бойынша сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке өтеусіз негізде беру туралы ұсыныспен қаланың ЖАО-на жүгінеді. 2. ЖАО сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке беру жөніндегі қолда бар...

    ·
    Сұрақ

    Егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) немесе шешімдер әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім берушінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) шешімдеріне шағымдануы қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың...

    ·
    Сұрақ

    Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс қорытындысына шағым беруге бола ма?

    Жауап

    Сатып алуды өткізу рәсімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бойынша жүзеге асырылды. Қағидалардың 291, 292-тармақтарына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені...

    ·