Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру қалай жүзеге асырылады?

    ·
    Сұрақ

    Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    1. Мемлекет меншігіне берілетін мүліктің меншік иесі аумақтылығы бойынша сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке өтеусіз негізде беру туралы ұсыныспен қаланың ЖАО-на жүгінеді.
    2. ЖАО сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды мемлекетке беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды алу қажеттілігі туралы қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдарды хабардар етеді.
    3. Мемлекеттік органдар мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқық алу қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы қорытынды дайындайды және ЖАО-ға жібереді. 4. Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін, сондай-ақ қабылданатын мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі қаржылық шығындарды ескере отырып, аталған мүлікті бекітіп беру көзделетін мемлекеттік заңды тұлға көрсетілуге тиіс.
    5. Шешім қабылданғаннан кейін мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі мен жергілікті атқарушы органдар арасында күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сыйға тарту шарты жасалады.
    6. Сыйға тарту шарты бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде төрт данада, сыйға тарту шарты тараптарының әрқайсысы үшін екі данадан жасалады. 7. Сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаған кезде мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) ресімделеді.
    8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы кім және оны анықтау қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 40-тармағына сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көздел...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік мүлік жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) қалай беріледі

    Жауап

    1, Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалға берушіге тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді (Объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді). 2. Жалға беруші объект туралы ақпаратт...

    ·
    Сұрақ

    Егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) немесе шешімдер әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім берушінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) шешімдеріне шағымдануы қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың...

    ·
    Сұрақ

    Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс қорытындысына шағым беруге бола ма?

    Жауап

    Сатып алуды өткізу рәсімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бойынша жүзеге асырылды. Қағидалардың 291, 292-тармақтарына сәйкес рейтингтік-балдық жүйені...

    ·