Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ауданаралық сапар кезінде берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңымен, сондай-ақ 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №174-VII Заңымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып реттеледі. Осы заңның 20-бабының 1-тармағына енгізілген толықтыруларға сәйкес, I топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік маңызды ауданаралық маршруттарда тегін жүріп өту құқығына ие. Әлеуметтік маңызды маршруттар деп мемлекет тарапынан бекітіліп, субсидияланатын, халыққа тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған маршруттар түсініледі.
2025 жылғы 20 қараша жағдайы бойынша облыста келесі әлеуметтік маңызды ауданаралық маршруттар жұмыс істейді: 30 қалааралық/ауданаралық автобус маршруты: «Өскемен-Риддер», «Өскемен-Бірінші Май», «Өскемен-Предгорное», «Өскемен- Предгорное арқылы Уварово», «Өскемен-Күршім», «Өскемен-Үлкен Нарын», «Өскемен-Алтай кенті», «Өскемен-Касым Қайсенов кенті», «Өскемен-Белоусовка», «Өскемен-Зайсан», «Өскемен-Бобровка», «Өскемен-Шемонаиха арқылы Жоғарғы Убу», «Өскемен-Тарханка», «Өскемен-Көгілдір Бұғаз-Айна», «Өскемен-Украинка», «Өскемен-Катонқарағай-Берел», «Өскемен-Саратовка-Отрадное», «Өскемен-Жаңа Қанайка», «Өскемен-Самарское», «Өскемен-Тройницкое», «Өскемен-Глубокое», «Өскемен-Алтай», «Өскемен-Асу-Бұлақ», «Өскемен-Октябрьск», «Өскемен-Күмістау», «Өскемен-Шемонаиха арқылы Біріншімай», «Өскемен-Жаңа-Үлбі», «Өскемен-Ақжар», «Өскемен-Бозанбай-Сібі көлі», «Өскемен-Марқакөл», «Марқакөл-Зайсан».
Мысал:
Егер «Өскемен – Семей» ауданаралық маршруты әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде бекітілсе, I топтағы мүгедектігі бар адам бұл маршрутпен бос орын болған жағдайда және мүгедектік мәртебесін растау арқылы күн сайын тегін сапар жасай алады.