Профилактикалық екпелерді қашан және қандай жағдайда алуға болады?
Қазақстанда профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміндегі міндетті вакциналар тегін беріледі.
Вакцинация уақыты инфекцияның уақытына және түріне байланысты:
Жаңа туылған нәрестелер: өмірінің алғашқы 1-4 күнінде - туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы.
Нәрестелер (2, 3, 4 ай): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға және пневмококкқа қарсы коомплексті вакцинациялар (АКДС).
Балалар (12–15 ай): қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит (ККП), полиомиелитке және пневмококкқа қарсы күшейткіш вакциналар немесе ревакцинациялар.
Балалар (1,5 жас): АКДС, полиомиелит және Hib-пен ревакцинация.
Мектеп оқушылары (6 жас/1 сынып): БЦЖ, ККП және АбКДС пен ревакцинация.
Жасөспірімдер мен ересектер: 16 жаста дифтерия мен сіреспеге қарсы (АДС-М) екпе егіледі, ол өмір бойы әр 10 жыл сайын қайталануы тиіс.