Қандай жағдайларда көлік құралдарының қозғалысын шектеуге рұқсат етіледі?
Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес көлік құралдарының қозғалысын шектеу жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, қозғалыс төтенше жағдайлар туындаған кезде, ауа райы жағдайларының күрт нашарлауы барысында, сондай-ақ жол-құрылыс, жөндеу, қалпына келтіру және автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша шектелуі мүмкін.