Ағзаларды донордан алу және трансплантаттау тәртібі қалай жүзеге асырылады?
Он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды немесе тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор бола алады. Тірі кезіндегі донор бекітілген тәртіппен медициналық тексеруден өтеді. Тірі кезіндегі донор және ықтимал реципиент ағзалар мен тіндердің тіндік үйлесімділігін анықтау үшін HLA - зертханаға жіберіледі. Ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасында генетикалық байланысты орнату үшін Этикалық комиссия құрылып, генетикалық байланыс анықталады.