Кезектен тыс жеке қабылдауға келуге кімнің құқығы бар?
Азаматтарды жеке қабылдау жүгіну кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Келесі санаттағы азаматтар кезектен тыс қабылданады:
• Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер;
• басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
• еңбек ардагерлері;
• мүгедектігі бар адамдар;
• жүкті әйелдер;
• «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған тұлғалар.