Қаңғыбас иттерді ұстау мәселесі бойынша «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-на жүгінуге болады. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22. Сондай-ақ, қалалар мен аудандардағы бөлімдер мен ветеринариялық пункттерге хабарласуға болады.
Өтініштерді қабылдау телефоны: (87182) 57-72-07. Қаңғыбас иттердің жиналу орындары туралы фото мен видео материалдарды WhatsApp арқылы 8 708 277 31 19 нөміріне жолдауға болады.
Бұдан бөлек, 109 бірыңғай қызметіне хабарласуға болады.
Егер жануарлар (иттер) адамға, басқа жануарларға шабуыл жасаса немесе олардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар орын алса, бұл туралы 102 нөмірі арқылы полиция департаментіне хабарлау қажет. Полиция қызметкерлері аталған жағдай бойынша тиісті шараларды қабылдап, ұстау қызметімен бірлесіп әрекет етеді.