Балабақшаға кезекке тұру үшін келесі құжаттарды веб-портал «электрондық үкімет» арқылы тапсыру қажет:
1) Қағидаларға 1 және 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызметтің қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
3) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің, медицина қызметкерінің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) фтизиатр-дәрігердің санаторийге кезекке қою кезіндегі құжатының электрондық көшірмесі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті берушілер МДҰ-ға жолдаманы бірінші кезекте алғанын растайтын мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.