Азаматтық бюджет жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат болып табылады.
Бюджет қаражатының нақты қайда бағытталғанын көруге және бағалауға болады: мектептерге, жолдарға, әлеуметтік бағдарламаларға, инфрақұрылымға және т.б.
Бұл бюджетті қоғамға ашық, түсінікті және есеп беретін етеді.
Бюджет кодексінің 39-бабына сәйкес азаматтық бюджет бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) және атқару сатыларында жасалады.
Жергілікті деңгейде азаматтық бюджетті қалыптастыру мен жариялауды:
- жоспарлау сатысында;
- бюджетті атқару сатысында;
- бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша барлық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
- квазимемлекеттік сектор субъектілері алатын бюджет қаражаты бойынша қамтамасыз етеді.
Азаматтық бюджетті жариялау мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында азаматтық бюджеттің белгіленген құрылымын сақтай отырып, инфографиканы, схемаларды, диаграммаларды, кестелерді және басқа да презентациялық нысандарды пайдалана отырып, халық үшін қолжетімді нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Бюджетті жоспарлау сатысында азаматтық бюджетті орналастыру мерзімдері:
- бюджет жобасын қалыптастыру жөніндегі ақпарат тиісті деңгейдегі өкілді органның қарауына бюджет жобасын енгізу мерзіміне бес жұмыс күні ішінде;
- бюджетті бекіту (нақтылау) жөніндегі ақпарат - тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджетті қабылдағаннан кейін жиырма күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.