Облыстық коммуналдық мүлікті пайдаланғаны (жалға бергені) үшін қате төленген соманы қалай қайтаруға немесе басқа шотқа аударуға болады?

    Павлодар облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Облыстық коммуналдық мүлікті пайдаланғаны (жалға бергені) үшін қате төленген соманы қалай қайтаруға немесе басқа шотқа аударуға болады?

    Жауап

    Облыстық коммуналдық мүлікті пайдаланғаны (жалға бергені) үшін қате төленген соманы қайтару немесе басқа шотқа аудару үшін е-Өтініш ақпараттық жүйесі арқылы немесе қолма-қол Облыс қаржы басқармасының кеңсесіне төлем туралы түбіртектің және жеке куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, ақшалай қаражатты қайтару немесе аудару туралы өтініш беру қажет.

    Мысалы: Сізден 201504 бюджеттік сыныптама кодына (БСК) 1000 теңге мөлшерінде қате төленген соманы, төлем күні 2025 ж. 06.01., БСН 13550000456 атауы «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі 201504 бюджеттік сыныптама кодына (кімге) атауы Жеке кәсіпкер «Черемушки» аударуды сұраймын».

    Содан кейін облыс қаржы басқармасы қорытынды жасайды және мемлекеттік кірістер органына түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке алуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мынадай мерзімдерде жібереді:

    - төлеушіден есепке жатқызуға өтініш келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күнінен кешіктірмей;

    - төлеушіден қайтаруға өтініш келіп түскен күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей.

    Қорытындының екінші данасы төлеушіге жіберіледі, үшіншісі уәкілетті органда қалады.

    Мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күні ішінде қате төленген соманы өтініш берушіге аудару үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын жасайды және ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Киберқауіп дегеніміз не және оны алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Киберқауіп – бұл ақпараттық жүйелерге, компьютерлік желілерге, электрондық ресурстарға және деректерге әсер етуі мүмкін кез келген қауіпті жағдай, әрекет немесе фактор. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біреудің жүйені бұзуға, ақпаратты ұрлауға, деректерді бүлдіруге, қызметтің жұмыс...

    Сұрақ

    Азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай шаралар қабылдауға міндетті?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар олармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дербес деректерді бөгде адамдар оларға заңды негіздерсіз қол жеткізе алмайтындай, өзгерте алмайтындай, жойыла алмайтындай немесе таратыла алмайты...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деректерді, ақпараттық жүйелерді және техникалық инфрақұрылымды ішкі және сыртқы қатерлерден қорғайтын ақпаратты қорғаудың осындай жай-күйін білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бөгде адамдар ақпаратқа қол жеткізе алмауы кер...

    Сұрақ

    Павлодар облысының аумағындағы бос жерлердің тізімін қайдан көруге болады?

    Жауап

    Бос жер учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес ашық қолжетімділікте орналастырылады. Онымен Павлодар облысы әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік органдардың - gov.kz. интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында танысуға болады https...

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) тізіміне қандай өнімдер кіреді?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімі мемлекет бағаны бақылауды жүзеге асыратын негізгі азық-түлік өнімдерін қамтиды. Оған мыналар кіреді: 1. Күріш тазартылған; 2. Қарақұмық жармасы; 3. Бірінші сұрыпты бидай ұны; 4. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны;...

    Сұрақ

    Мемлекет инженерлік желілерді тарту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу ақысын төлей ме?

    Жауап

    Мемлекет жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлемейді. Бұл шығындарды кәсіпкер өз қаражаты есебінен өтейді. Мемлекеттік қолдау, егер жоба белгіленген шарттарға сәйкес келсе, тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына, яғни бизнес объектісіне и...

    Сұрақ

    Бизнес объектісіне инженерлік желілерді тартуды мемлекет мақұлдауы үшін менің инвестицияларымның көлемі қандай болуы керек?

    Жауап

    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (жолдар, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да желілер) тарту түріндегі мемлекеттік қолдау, егер аталған жұмыстардың құны Сіздің инвестициялық жобаңыздың құнының 50%-ынан аспаса, ұсынылады. Бұл ереже бюджеттік шығыстардың жек...

    Сұрақ

    Мен митинг немесе пикет ұйымдастырғым келеді. Ол үшін не қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар өткізуге құқылы. Митингілерді, пикеттерді және басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу хабарлама беру тәртібімен, жергілікті атқарушы органмен келісу арқылы жүзеге асырылады....