Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған азаматтарға өтемақы төлене ме?

    Павлодар облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған азаматтарға өтемақы төлене ме?

    Жауап

    1949 жылдан бастап 1990 жылдар аралығындағы кезеңде Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған азаматтарға «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

    Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу өмірде бір рет қана жүргізіледі.

    Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар:

    - мұрағат анықтамасы;

    - еңбек кітапшасы (мөрдің бедері анық оқылатын болуы керек);

    - оқу орнын бітіргені туралы диплом;

    - әскери билет;

    - тегі өзгерген кезде - неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.

    - Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

    - егер Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда тұрудың заңды фактісі мен кезеңін белгілеу сот тәртібінде іске асырылады.

    Осы мемлекеттік қызметті белгіленген үлгідегі қоса берілген құжаттар тізбесімен:

    1) Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-нің 421 - кабинетіне жүгіну, байланыс телефондары 740211, 87765487042 (WhatsApp номер);

    2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының (бұдан әрі-портал) жеке кабинеті арқылы өтініштер беру жолымен алуға болады

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Киберқауіп дегеніміз не және оны алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Киберқауіп – бұл ақпараттық жүйелерге, компьютерлік желілерге, электрондық ресурстарға және деректерге әсер етуі мүмкін кез келген қауіпті жағдай, әрекет немесе фактор. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біреудің жүйені бұзуға, ақпаратты ұрлауға, деректерді бүлдіруге, қызметтің жұмыс...

    Сұрақ

    Азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай шаралар қабылдауға міндетті?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар олармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дербес деректерді бөгде адамдар оларға заңды негіздерсіз қол жеткізе алмайтындай, өзгерте алмайтындай, жойыла алмайтындай немесе таратыла алмайты...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деректерді, ақпараттық жүйелерді және техникалық инфрақұрылымды ішкі және сыртқы қатерлерден қорғайтын ақпаратты қорғаудың осындай жай-күйін білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бөгде адамдар ақпаратқа қол жеткізе алмауы кер...

    Сұрақ

    Павлодар облысының аумағындағы бос жерлердің тізімін қайдан көруге болады?

    Жауап

    Бос жер учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес ашық қолжетімділікте орналастырылады. Онымен Павлодар облысы әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік органдардың - gov.kz. интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында танысуға болады https...

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) тізіміне қандай өнімдер кіреді?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімі мемлекет бағаны бақылауды жүзеге асыратын негізгі азық-түлік өнімдерін қамтиды. Оған мыналар кіреді: 1. Күріш тазартылған; 2. Қарақұмық жармасы; 3. Бірінші сұрыпты бидай ұны; 4. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны;...

    Сұрақ

    Мемлекет инженерлік желілерді тарту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу ақысын төлей ме?

    Жауап

    Мемлекет жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлемейді. Бұл шығындарды кәсіпкер өз қаражаты есебінен өтейді. Мемлекеттік қолдау, егер жоба белгіленген шарттарға сәйкес келсе, тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына, яғни бизнес объектісіне и...

    Сұрақ

    Бизнес объектісіне инженерлік желілерді тартуды мемлекет мақұлдауы үшін менің инвестицияларымның көлемі қандай болуы керек?

    Жауап

    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (жолдар, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да желілер) тарту түріндегі мемлекеттік қолдау, егер аталған жұмыстардың құны Сіздің инвестициялық жобаңыздың құнының 50%-ынан аспаса, ұсынылады. Бұл ереже бюджеттік шығыстардың жек...

    Сұрақ

    Мен митинг немесе пикет ұйымдастырғым келеді. Ол үшін не қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар өткізуге құқылы. Митингілерді, пикеттерді және басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу хабарлама беру тәртібімен, жергілікті атқарушы органмен келісу арқылы жүзеге асырылады....