Әлеуметтік қызметкерге құқық (үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету);
1 .ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен;
2. Өз бетінше қызмет ете алмайтын және көмекке мұқтаж (денсаулық жағдайы, физикалық мүмкіндіктері бойынша);
3. Оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке қабілетті кәмелетке толған туыстары (балалары, жұбайлары) жоқ;
4. Объективті себептер бойынша оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз етпейтін (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында жүрген, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған немесе елден тыс тұрақты тұруға кеткен немесе басқа жерде тұратын кәмелетке толған балалары, жұбайы барларға қосымша – жасы ұлғайған кезде), сондай-ақ отбасылық жанжал болған жағдайда қарт адамдарға беріледі.
Бір ауылда тұратын балалардың болуы әлеуметтік қызметкерді беру туралы мәселені қарау кезінде ескеріледі.
Осылайша, егер сіздің балаларыңыз сізбен бір ауылда тұрса, олар заң бойынша ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті, бірақ объективті себептермен (ауру, мүгедектік, кету және т.б.) көмектесе алмаса, онда Сізге әлеуметтік қызметкер берілуі мүмкін.
Ол үшін өтінішпен:
- тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне;
- ХҚКО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы);
- eGov.kz портал арқылы (Электрондық цифрлық қолтаңба-ЭЦҚ болған жағдайда) жүгіну қажет.
Қандай құжаттар тапсырылады:
- үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтініш;
- жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы);
-денсаулық жағдайы туралы қорытындысы бар медициналық карта (күтімнің қажеттілігін растайтын);
- отбасы құрамы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда - еңбекке қабілетті туыстарының болуын/болмауын растау).
- балалардың (егер бар болса) күтімді жүзеге асыра алмайтындығын растайтын құжаттар-мұндай жағдайлар болған кезде.
Қызметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады. Шешім қажеттілікті бағалағаннан кейін қабылданады.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін тұру жағдайларына тексеру жүргізіледі және көмек көлемі (аптасына келу саны) анықталады.
Анықтама: мүгедектігі бар және қарт адамдарға үйде қызмет көрсету үшін медициналық қарсы көрсетілімдер:
- процестің белсенді сатысындағы туберкулез;
- өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіп төндіретін тартымдылықтың, мінез-құлықтың және (немесе) жіті психотикалық симптоматиканың (сандырақ, галлюцинация) бұзылуымен қатар жүретін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
- әртүрлі этиологиядағы тырысу синдромдары (сирек кездесетін (2-3 айда бір реттен көп емес) ұстамалары бар нұсқаларды қоспағанда, деменциясыз және тұлғаның айқын өзгерістері жоқ);
- карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық жолмен берілетін аурулар, ЖИТС, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулар.