Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бағдарламаға қатысудың міндетті критерийі болып табылады. Әлеуметтік қолдау тек нақты аудан немесе облыс бойынша бекітілген тізімге енгізілген мамандарға ғана беріледі. Сондықтан, егер сіздің мамандығыңыз тізбеде болмаса, сіз қолдау шараларын талап ете алмайсыз.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank орналастырылған тізбеге сәйкес мамандарға ұсынылады.