Құқық қорғау органдарының қызметкерлері және олардың отбасылары, егер олар ротация тәртібімен (тағайындалатын лауазым) келген жағдайда, қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй алады.
Кезектілік тәртібімен алынған қызметтік тұрғын үйге құқық қызметкерге құқық қорғау органдарында қызмет аяқталғанға дейін сақталады. Еңбек шарты бұзылған/құқық қорғау органдарынан босатылған жағдайда қызметкер 3 ай ішінде өзіне берілген қызметтік тұрғын үйді босатуға міндетті.
Тұрғын үй беру үшін жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тапсыру қажет құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына нысан бойынша өтініш;
3) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама;
4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (егер некеде тұрса) ;
5) өтініш берушінің (жұбайының/зайыбының) жеке куәліктерінің көшірмелері;
6) бірге тұратын балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
7) тағайындау туралы бұйрық;
8) жұмыс орнынан анықтама.
Тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тағайындалатын лауазымға келген қызметшілерге ротация кезеңінде бос қызметтік тұрғын үй беріледі. Кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған тұрғын үй алған қызметкерлерге қызметтік міндеттерін атқару кезеңіне (яғни, олар құқық қорғау органдарында қызмет атқаруды аяқтаған сәтке дейін) жалдау шарты жасалады.
Құқық қорғау органдарында қызметтен босатылған қызметкерлердің, сондай-ақ адамдардың Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» № 673 қаулысына сәйкес тұрып жатқан қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар.