Мен жалға берілген пәтерде тұрамын, 2-топтағы мүгедек болғандықтан оны жекешелендіре аламын ба?

    Павлодар облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Мен жалға берілген пәтерде тұрамын, 2-топтағы мүгедек болғандықтан оны жекешелендіре аламын ба?

    Жауап

    Екінші топтағы мүгедектік болған жағдайда, Сіз тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіруге құқығыңыз бар.

    Жекешелендіру үшін сізге «Е – Qazyna» сайтында электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен электрондық түрде өтінім беру қажет.

    Сіз «Е – Qazyna» сайтында жеке тұлға ретінде тіркелу керек, «Shanyraq» бөлімін таңдап, жеке кабинетке электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен кіріп, мәліметтерді толтыруыңыз керек. Өтінімге келесі құжаттарды тіркеу қажет:

    1) неке қию не некені бұзу туралы куәлік;

    2) отбасының барлық кәмелетке толған мүшелеріне жеке куәлік, туу туралы куәлік (кәмелетке толмаған балалар үшін),

    3) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (соңғы 5 жыл үшін);

    4) мемлекеттік қордан тұрғын үйге құқық белгілейтін құжат (ордер, тұрғын үйді жалдау шарты);

    5) коммуналдық қызметтер (жарық, су, жылу, ПИК қызметтері және ТҮКШ жаңғырту, қоқыс шығару және жалдау төлемі бойынша соңғы түбіртек) бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалар

    6) санатын растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама, зейнетақы куәлігі, Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен адамның куәлігі).

    Соңында өтінімді сақтап және жалға алу шартында немесе ордерде көрсетілген отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қою қажет.

    Енді өтінім уәкілетті орган – «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына автоматты түрде өтеді. Сіздің өтінім Ақсу қаласы әкімдігінің тұрғын үй қалалық комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады. Комиссиямен шешім қабылданғаннан кейін жекешелендіру туралы Шарт қалыптастырылатын болады.

    Уәкілетті орган тарапынан жекешелендіру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін Сізге «Е – Qazyna» сайтының «Shanyraq» бөліміне кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен қалыптастырылған шартқа қол қою қажет. Шарт тіркеуші орган - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Ақсу қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінде міндетті тіркеуге жатады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Киберқауіп дегеніміз не және оны алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Киберқауіп – бұл ақпараттық жүйелерге, компьютерлік желілерге, электрондық ресурстарға және деректерге әсер етуі мүмкін кез келген қауіпті жағдай, әрекет немесе фактор. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біреудің жүйені бұзуға, ақпаратты ұрлауға, деректерді бүлдіруге, қызметтің жұмыс...

    Сұрақ

    Азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай шаралар қабылдауға міндетті?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар олармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дербес деректерді бөгде адамдар оларға заңды негіздерсіз қол жеткізе алмайтындай, өзгерте алмайтындай, жойыла алмайтындай немесе таратыла алмайты...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деректерді, ақпараттық жүйелерді және техникалық инфрақұрылымды ішкі және сыртқы қатерлерден қорғайтын ақпаратты қорғаудың осындай жай-күйін білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бөгде адамдар ақпаратқа қол жеткізе алмауы кер...

    Сұрақ

    Павлодар облысының аумағындағы бос жерлердің тізімін қайдан көруге болады?

    Жауап

    Бос жер учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес ашық қолжетімділікте орналастырылады. Онымен Павлодар облысы әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік органдардың - gov.kz. интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында танысуға болады https...

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) тізіміне қандай өнімдер кіреді?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімі мемлекет бағаны бақылауды жүзеге асыратын негізгі азық-түлік өнімдерін қамтиды. Оған мыналар кіреді: 1. Күріш тазартылған; 2. Қарақұмық жармасы; 3. Бірінші сұрыпты бидай ұны; 4. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны;...

    Сұрақ

    Мемлекет инженерлік желілерді тарту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу ақысын төлей ме?

    Жауап

    Мемлекет жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлемейді. Бұл шығындарды кәсіпкер өз қаражаты есебінен өтейді. Мемлекеттік қолдау, егер жоба белгіленген шарттарға сәйкес келсе, тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына, яғни бизнес объектісіне и...

    Сұрақ

    Бизнес объектісіне инженерлік желілерді тартуды мемлекет мақұлдауы үшін менің инвестицияларымның көлемі қандай болуы керек?

    Жауап

    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (жолдар, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да желілер) тарту түріндегі мемлекеттік қолдау, егер аталған жұмыстардың құны Сіздің инвестициялық жобаңыздың құнының 50%-ынан аспаса, ұсынылады. Бұл ереже бюджеттік шығыстардың жек...

    Сұрақ

    Мен митинг немесе пикет ұйымдастырғым келеді. Ол үшін не қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар өткізуге құқылы. Митингілерді, пикеттерді және басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу хабарлама беру тәртібімен, жергілікті атқарушы органмен келісу арқылы жүзеге асырылады....