Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.