Алматы облысы жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Департаменттің миссиясы: жер қатынастарын тиімді дамытуды, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жер мониторингі және оның сапасын арттыру, өңірдің жер қорын бөлу есебін жүргізу, жер учаскелерін беру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, жерге орналастыруды жүргізу.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 38-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайта жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол берілмейді. Жер пайдаланушы жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сәйкес дербес пайдалануға міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Жерлердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына бақылауды кімдер жүргізеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды негізінен: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменттері (Жер ресурстарын басқару департаменттері) жүзеге асырады. Олар жер заңнамасының сақталуын тексеріп, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуын бақылайды, заң бұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдайды. Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, пайдаланылмай немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, материалдарды Жер ресурстарын басқару департаментіне жолдайды.

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмаған жағдайда қандай шаралар қабылданады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92-94 баптары талаптарына сәйкес мынадай шаралар қабылданады: жер учаскесінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізіледі; пайдаланылмай жатқан жер учаскесі анықталған жағдайда жер пайдаланушыға заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріледі; бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады; жер салығының (немесе жалдау төлемінің) мөлшерлемесі заңнамаға сәйкес ұлғайтылады; талаптар орындалмаған жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою (жер пайдалану немесе меншік құқығын тоқтату) туралы талаппен сотқа жүгіну рәсімі басталады.

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға қандай негіздер болған жағдайда жол беріледі?

    Жауап

    Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тек мемлекеттік мүдденің бар екендігі расталған жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік маңызы бар объектілерді салу және реконструкциялау, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін кеңейту, сондай-ақ мектептер, медициналық мекемелер және өзге де қоғамдық маңызы бар объектілерді салу мақсатында, көрсетілген мақсаттарға меншік иесінің немесе жер пайдаланушының құқықтарын тоқтатуға байланысты емес өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84–86-баптарында белгіленген.

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесі орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген қолдаухаты, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы негіз бола алады. Құндылығы жоғары ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы төмен алқаптарға ауыстыру негіздері мыналар болып табылады: егістік үшін — жердің агроөндірістік топырақ сипаттамаларының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, токсиндік заттармен ластану деңгейінің жоғары болуы; көпжылдық екпелер үшін — екпелердің шекті жасы, олардың сиреуі, тұқымдық құрамының қанағаттанғысыздығы, жердің қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамалары; шабындықтар үшін — жердің шөлейттенуі, шалғындық өсімдіктердің тозуы, жердің мелиорациялық жай-күйінің нашарлауы; жайылымдар үшін — тозуы (тапталуы). Суармалы жерлерді суарылмайтын жерлерге ауыстыру кезінде жоғарыда аталған факторларды ескерумен қатар, суару көзімен байланыстың жоғалуы, сумен қамтамасыз етілмеуі, шаруашылықішілік суару жүйелерінің техникалық жай-күйі, ал жайылмалы суармалы жерлер үшін — ағынды суды қайта бөлу немесе су ресурстарының болмауы салдарынан су басудың тоқтатылуы, құрылыстардың техникалық жай-күйі ескеріледі. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар құнды ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы төмен алқаптарға ауыстырудың басқа да көрсеткіштерін белгілей алады: ауыл шаруашылығы алқаптарының ең төменгі өнімділігі, топырақтың сортаңдану, сорлану, ластану деңгейі және алқаптардың сапалық сипаттамасына әсер ететін өзге де критерийлер. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі материалдарда мыналар болуы тиіс: тұжырымдар мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба; бір түрден екінші түрге ауыстыру жоспарланған жерлердің экспликациясы; трансформациялауға жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетілген далалық зерттеу актісі мен сызбасы; жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы; суару желісінің, жайылмалы суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер. Суармалы жерлерді құндылығы төмен алқаптарға ауыстыру туралы шешімді облыстық атқарушы орган қабылдайды. Құндылығы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын құндылығы жоғары алқаптарға ауыстыру туралы шешімді аудандық (қалалық) атқарушы орган қабылдайды.

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына сәйкес, меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе өтеусіз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы алынады. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және бюджет кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Салық кодексі) 503-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақ сапасына қарай сараланады. Топырақ бонитетінің балын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аумақтық бөлімшелері анықтайды.

    ·