Коммерциялық мақсатта жер учаскесін алу тәртібі?

    Алматы облысы жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Коммерциялық мақсатта жер учаскесін алу тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

    Сатуға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан; жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа (аукционға) шығарылады.

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.

    Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукциондар) орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап, сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін алу мүмкіндігіңіз бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 38-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайта жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол берілмейді. Жер пайдаланушы жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сәйкес дербес пайдалануға міндетті.

    Сұрақ

    Жерлердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына бақылауды кімдер жүргізеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды негізінен: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменттері (Жер ресурстар...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмаған жағдайда қандай шаралар қабылданады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92-94 баптары талаптарына сәйкес мынадай шаралар қабылданады: жер учаскесінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізіледі; пайдаланылмай жатқан жер учаскесі анықталған жағдай...

    Сұрақ

    Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға қандай негіздер болған жағдайда жол беріледі?

    Жауап

    Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тек мемлекеттік мүдденің бар екендігі расталған жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік маңызы бар объектілерді салу және реконструкциялау, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін кеңейту, с...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесі орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға берген...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына сәйкес, меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе өтеусіз уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер уч...

    Сұрақ

    Жер даулары?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабы талаптарына сәйкес, жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады. Жеке меншіктегі жер учаскелеріне байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация...

    Сұрақ

    Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту тәртібі?

    Жауап

    Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұз...