Нотариат, Әділет органдары туралы

    ·
    Сұрақ

    Нотариат, Әділет органдары туралы

    Жауап

    1

    Нотариат

    Нотариаттық әрекеттер қайда жасалады?

    Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 2т.).

    2

    Нотариат

    Барлық нотариаттық әрекеттер қайда тіркеледі?

    Барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 23т.).

    3

    Нотариат

    Мүгедектермен нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың тәртібі қандай ?

    Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады. (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының11т.).

    4

    Нотариат

    Нотариус құжаттағы орфографиялық қателерді түзете ала ма?

    Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 17т.).

    5

    Нотариат

    Жоғалған құжаттардың телнұсқаларын қалай алуға болады?

    Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.

    Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі. (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 27т.).

    6

    Нотариат

    Кәмелетке толмағандармен мәміле жасау тәртібі қандай?

    Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 36т.).

    7

    Нотариат

    Сыйға тарту шартын жоюға бола ма?

    Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактісінің тіркелуін тексереді, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады. (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 40 т.).

    8

    Нотариат

    Көлік құралын сату үшін қандай құжаттар қажет?

    Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:

    1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

    2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;

    3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 61т.).

    9

    Нотариат

    Неке шарты қандай нысанда жасалады?

    Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады. Неке шарты "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-43-баптарының нормаларына сәйкес жасалады. (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 84т.).

    10

    Нотариат

    Өсиетті қалай жоюға болады?

    Өсиеттің: 1) өзі бұрын жасаған өсиеттен толық бас тарту туралы нотариусқа өтініш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен күшінің жойылуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының98т.).

    11

    Әділет органдары туралы

    Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары қандай?

    Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу; зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық; зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету; уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі; мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау; авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру; өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдердi тiркеу жөніндегі қызметті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұйымдастыру; өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерге сараптама жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстап тұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес; патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылау; өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру; мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» №304 Заңы 21-б.).

    12

    Әділет органдары туралы

    Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары қандай?

    Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды: атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс); жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау); шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» №304 Заңы 21-1-б.).

    13

    Әділет органдары туралы

    Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары қандай?

    Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру; нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау; заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру; өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру; заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру; құқықтық ақпараттандыруды, «Е-заңнама» ақпараттық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» №304 Заңы 15-б.).

    14

    Әділет органдары туралы

    Әділет органдары мен олардың лауазымды адамдары қандай құқықтарға ие?

    Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде: орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге; өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға; лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға; бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге; баспа қызметiн жүзеге асыруға; заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» №304 Заңы 24-б.).

    15

    Әділет органдары туралы

    Әділет органдары мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қалай өзара іс-қимыл жасайды?

    Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады. Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» №304 Заңы 12-б.).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    ·
    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...

    ·
    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    ·
    Сұрақ

    Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлға қатысушыларының құрамын ЗТ МДҚ-да қалай өзгертуге болады.

    Жауап

    Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлға қатысушыларының құрамы Жарғыға (Ережеге) сәйкес қатысушылар құрамын өзгертуге уәкілетті тиісті органның құжатын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өзінің өтініші негізінде ЗТМДБ-да өзгертіледі. Коммерциялық емес ұйым құрылтайшыл...

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеуге кім өтініш бере алады?

    Жауап

    Өтінімді өтінім беруші немесе оның өкілі береді. 1. Өтінім беруші-тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға. 5) Заңның 1-бабы). 2. Өтініш берушінің өкілі-патенттік сенім білдірілген өкіл немесе ҚР АК 167-бабының талаптарына сәйкес ресімделген сенімхат негізінд...

    ·
    Сұрақ

    Тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабына сәйкес тауар таңбасын тіркеу өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі оның қолданылуының соңғы жылы ішінде иесінің өтініші бойынша әрбір ретте он жылға ұзартылады.

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттар ұсыну қажет?

    Жауап

    Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген. Өтінім бір тауар белгісіне қатысты болуға тиіс.Өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға тиіс және онда: 1) өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып,...

    ·