Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген.
Өтінім бір тауар белгісіне қатысты болуға тиіс.
Өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға тиіс және онда: 1) өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгіге сараптама жүргізу туралы өтініш; 2) мәлімделетін белгі; 3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі қамтылуға тиіс.
Өтінімге: 1) сараптама жасау ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс. Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді; 2) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат; 3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тіркеуге уәкілеттік берілген ұйымның атауын, осы таңбаны тіркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін, ұжымдық тауар таңбасымен белгіленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен Бірыңғай қасиеттерін немесе өзге де сипаттамаларын қамтитын ұжымдық тауар таңбасының жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтінім берілген жағдайда); тауар белгісін пайдалану шарттары, оны пайдалануды бақылау тәртібі, ұжымдық тауар белгісі жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық