Нақты жеке тұлғаларға тиесілі тіркелген мамандардырылған, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратқа қатысты өтініштер. Өтініш берушілер сондай-ақ соңғы үш жылда осы жабдықтың жойылуы туралы ақпарат сұрайды

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Сұрақ

    Нақты жеке тұлғаларға тиесілі тіркелген мамандардырылған, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратқа қатысты өтініштер. Өтініш берушілер сондай-ақ соңғы үш жылда осы жабдықтың жойылуы туралы ақпарат сұрайды

    Жауап

    Тіркелген ауыл шаруашылығы техникасының бар-жоғы туралы мәліметтер ұсыну мәселесіне қатысты жоғарыда көрсетілген сұрау салуды қарап, келесіні хабарлайды.

    «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мемлекеттік техникалық инспекция – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыру, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып жүргізілетін қызмет.

    Заңның 7-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына және 4-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) құзыретіне жатады.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, ЖАО машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады.

    Сонымен қатар, Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, ЖАО тіркелген машиналар және олардың меншік иелері бойынша жүргізілген тіркеу әрекеттері туралы анықтамалар мен өзге де жазбаша ақпаратты ұсынады. Қағидалардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес, машиналар жеке тұлғалардың тұрақты тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша (тұрақты тіркеуі болмаған жағдайда – уақытша тұру мерзіміне), не жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда – орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органында, заңды тұлғалардың – олардың заңды мекенжайы бойынша, ал заңды тұлғалардың филиалдарының – заңды тұлғаның жазбаша рұқсатымен филиалдардың орналасқан жері бойынша тіркеледі.

    Машиналар сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге, сондай-ақ жалдау, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес берілген тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу жүргізілген жағдайда, тіркеу әрекеттері тиісті шарттарға қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама шеңберінде ЖАО тіркелген техникаға шектеулер мен ауыртпалықтар салуға байланысты функцияларды жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

    Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, сұрау салуда көрсетілген мәселе бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуіңізді сұраймыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Чилиден рапстың тәжірибелік тұқымдарын әкелу үшін Қазақстанның карантин қызметі қандай құжаттарды талап етеді? Чилиден рапстың коммерциялық гибридтерін әкелу үшін Иста (ISTA) сертификаты талап етіле ме?

    Жауап

    «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосани...

    Сұрақ

    Биологиялық препаратты тіркеу рәсімі бойынша ақпарат беру

    Жауап

    Өсімдік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес биологиялық препараттар пестицидтер ретінде жіктеледі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарын өтк...

    Сұрақ

    Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде майлы дақылдарды экспорттауға өтінім беру және рұқсат алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің толық тізбесін нақтылауыңызды сұраймын

    Жауап

    Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының (бұдан әрі – ҚХР БКБ) Тізіліміне (Реестріне) ену және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттауға рұқсат алу үшін қытай тарапының талаптарына сәйкес бірнеше процедураларды орындау қажет. Қазақстандық кәсіпорындар өсімдік шаруашыл...

    Сұрақ

    Қой шаруашылығында қандай субсидиялау түрлері бар?

    Жауап

    Субсидияларды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрін...

    Сұрақ

    Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар неліктен уақытылы төленбейді?

    Жауап

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы) сәйкес субсидия көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспар...

    Сұрақ

    ЕО-дан Қазақстан Республикасының аумағына ірі қара малға арналған жемшөп қоспаларын әкелу бойынша түсініктеме сұрау

    Жауап

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды және жемшөп қоспаларын өндіруге, әкелуге, өткізуге және пайдалануға, сандық сынақтарды жүргізу үшін қажетті өн...

    Сұрақ

    Жер учаскесінде асыл тұқымды жылқыларды өсіру мәселесі бойынша түсініктемелер

    Жауап

    Ереже ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау кезінде иелері: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санит...

    Сұрақ

    Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер

    Жауап

    Ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 7-1/848 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіретін, сақтайтын және өткізетін ұйы...