Жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді.
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініштер Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
2022 жылғы 3 маусымдағы №180 Жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес, жерге орналастыру жобасы – бұл жер учаскесінің сызбасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, сондай-ақ көршілес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы мәліметтер, жер учаскесіне қатысты ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы ақпаратты қамтитын құжат.
Жерге орналастыру жобасының құрамы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер негізінде айқындалады.
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
дайындық жұмыстары (камералдық және далалық);
жерге орналастыру жобасын әзірлеу;
жерге орналастыру жобасын қарау және келісу;
жерге орналастыру жобасын бекіту.
Жерге орналастыру жобасын келісетін мүдделі мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтер жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен рұқсат етілген пайдалану түріне байланысты уәкілетті органмен айқындалады.
Бұл ретте жобаны келісу жер, орман, су заңнамасының талаптарын, сондай-ақ өртке қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, құрылыс және қала құрылысы нормалары мен қағидаларын сақтау тұрғысынан жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі мемлекеттік қызмет жоғарыда көрсетілген уәкілетті органдармен көрсетіледі, ал өтініш электрондық үкімет порталы арқылы беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық дайындалып, ол уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылып, электрондық құжат түрінде портал арқылы қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі.