«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау» мемлекеттік қызметін алу үшін жер учаскесінің меншік иесі Алматы қаласының әкімі атына қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініш беруі қажет. Өтінішке Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының» 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілуі тиіс.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтауға арналған өтініш;
бөлінетін жер учаскесінің бөліктерінің мөлшерлері және қолданыстағы құрылыстар көрсетілген жер учаскесін бөлу сызбасы;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі (ортақ үлестік меншік болған жағдайда, үлес иесінің келісімі қажет).
Сонымен қатар, бұл мемлекеттік қызмет тек қағаз нысанында көрсетілетінін және қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайтынын хабарлаймыз.
Айта кету керек, жер учаскесін бөлу мәселесі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп қаралатын болады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» басшылыққа алынады.