«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер және әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде?

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер және әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде?

    Жауап

    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне екі түрлі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

    Біріншіден, ол 100 айлық есептік көрсеткішті құрайтын бір жолғы көтерме жәрдемақы, яғни бұл дегеніміз биылғы жылға 432 500 тенге көтерме ретінде беріледі.

    Екіншісі, сол маманның ауылдық елді мекеннен үй сатып алу үшін немесе салу үшін берілетін бюджеттік несиесі. Бөджеттік несиенің көлемі аудан оталықтарында 2500 АЕК (4325*2500=10 812 500), ауылдық елді мекендерге 2000 АЕК (4325*2000=8 650 000) мөлшерінен аспайтын көлемде 1 (бір) пайыздық мөлшермен 15 жыл мерзімге беріледі.

    Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік мекемелердің біріне белгілі бір мүлікті беру ниеті бар, мүлікті мемлекеттік меншікке беру қандай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүліктері мемлекеттік меншікке сыйға тарту шарты негізінде беру ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қаулысының (бұдан әрі-Қағида) талапта...

    ·
    Сұрақ

    Аукцион арқылы автокөлік сатып алғым келеді. Сатып алу тәртібі қандай?

    Жауап

    «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Сізге: Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет; Электрондық саудаға қатысу үшін электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ болуы; Аукционға қ...

    ·
    Сұрақ

    Жекешелендіру тәртібін және қандай сайт арқылы жүргізіледі?

    Жауап

    «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары қайта қаралып, жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Сату тек электронды түрде жүргізіледі және мемлекеттің кез-келген жерінен қатысуға болады. Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін «Же...

    ·
    Сұрақ

    Артық немесе қате аударылған түсімдерді бюджеттен қайтарылуы қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Артық немесе қате төленген салықтық емес түсімдерді қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» № 328 бұ...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік мекеменің аумағында кофе-құрылғысын қойғым келеді. Жалға алу процесі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік мүлікті жалға алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тәртіп бойынша жалға алу процесі толықтай электрондық форматта арнайы «Е-Qazyna» портал арқылы жүргізілед...

    ·