Артық немесе қате төленген салықтық емес түсімдерді қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» № 328 бұйрығымен реттеледі.
Салықтық емес түсімдердің артық немесе қате төленген сомаларын қайтару үшін төлемнің осы түрін өндіріп алуға жауапты уәкілетті органға өтінішпен жүгіну қажет, сондай-ақ төлем жасалғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін және банк шотының көшірмесін қоса беру қажет. Қайтару туралы өтініште төлеушінің барлық деректері және алушының банк шотының нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
Өтініш он қаралған жағдайда, уәкілетті орган қорытынды жасайды және қаржыны қайтаруға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кіріс органына ұсынады.
Салықтық емес түсімдер бойынша жергілікті бюджетке түсетін төлемдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі жергілікті атқарушы органдармен бекітіледі.
Салықтық түсімдерді қайтару бойынша мемлекеттік кіріс органына жүгіну қажет.