«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары қайта қаралып, жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Сату тек электронды түрде жүргізіледі және мемлекеттің кез-келген жерінен қатысуға болады.
Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.08.2011 жылғы № 920 қаулысының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының Электорондық Цифрлық Қолтаңба қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің www.e-Qazyna.kz веб-порталында тіркеу қажет.
Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде кепiлдiк жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiк жарна қайтарылады.
Сауда-саттықты ұтқан тұлғамен, сатып алушарты жасалады.
Жекешелендіру объектілерін сату, объектінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
Сатып алу келісім шартының негізінде сатушы міңдеттердің орындалуына бақылау жасайды.