Қарағанды облысында үздік спортшыларды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 159 бұйрығымен белгіленген 10-нан 250 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде ай сайынғы ақшалай қаражат көзделген. Бүгінгі таңда 26 спорт түрінен 120 спортшы мен 86 жаттықтырушы төлем алады. 2026 жылға арналған қаржыландыру көлемі 538,92 млн. теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық командаларының құрамына енгізілген және № 159 бұйрықта көрсетілген ресми халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған спортшылардың ай сайынғы жабдықталым алуға құқығы бар. Осындай төлемдер аталған спортшылардың жеке жаттықтырушыларына да тағайындалады.
Төлемдерді тағайындау үшін спорт ұйымы немесе спортшының өзі Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына өтініш береді. Комиссия құжаттарды бюджет қаражатының лимиттері мен кандидаттардың спорттық нәтижелеріне сүйене отырып, конкурстық негізде қарайды. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады, отырыстар тоқсанына 1 рет өтеді.
Бұдан басқа, спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары жетістіктері үшін Қарағанды облысы әкімінің 2021.11.02 № 79/06 (01.08.2023 ж. № 53/02 және 14.06.2024 ж. № 38/02 өзгерістерімен) қаулысына сәйкес жыл сайын облыс әкімінің сыйақысы (500 мыңнан 2500 мың теңгеге дейін) төленеді. 2025 жылы 12 спортшы мен 12 жаттықтырушыға жалпы құны 29,5 млн.теңгеге сыйақы берілді. 2026 жылға арналған бюджет 38,5 млн. теңгені құрайды.
Сыйақыға кандидаттарды барлық меншік нысанындағы спорт ұйымдары ұсынады, ал оларды іріктеуді комиссия мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырады:
- спортшы мен жаттықтырушының Қарағанды облысының аумағында тұруы;
- спортшыны облыс құрама командасына қосу;
- қаулыда көзделген жарыстарда чемпиондық немесе жүлделі орынның болуы.