«Балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Балалар - жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш береді. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауға арналған еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген 027/е нысанындағы медициналық анықтаманы тапсырады.
Спорт мектептерінің орналасқан жері және оларда дамытылатын спорт түрлері, жаттықтырушылар құрамы туралы деректермен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми бетінде, спорт мектептерінің қосымша беттерінде немесе https://esportkrg.kz/ беттерінде танысуға болады.
Спорт түрлері бойынша оқытудың алғашқы жылындағы спорттық-сауықтыру топтары мен бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау бүкіл оқу жылы бойы жүргізіледі.
Спорт мектептеріндегі сабақтар тегін өткізіледі.