Қарағанды қаласында спортшыларға медициналық қызмет көрсету, кешенді тексеру және оңалту заманауи диагностикалық және оңалту жабдықтарымен жабдықталған Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің базасында жүзеге асырылады. Мекемені қаржыландыру 312549,0 теңгені құрайды, штатта 30 дәрігер жұмыс істейді. 2024 жылы қабылданған спортшылар саны - 3612 адам, 2025 жылы - 4274 адам.
Спортшыларды медициналық тексеру «Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Облыстық спорт басқармасына қарасты дене шынықтыру-спорт ұйымдары бекітілген кесте бойынша өткізілетін медициналық тексеруден өту үшін спортшылардың тізімін жолдайды.
Жүргізілген медициналық тексерулер саны - 4653, өткізілмегендер саны 200, оның ішінде 39 адам мүлдем өткізімеді, шартты түрде өткізілгендер саны - 761 адам, қосымша тексеруге жіберілгендер саны - 413 адам, оңалтудан өткендер саны - 318 адам.