Мемлекет пен жергілікті органдар азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар болған кезде халықты арнайы хабарлау жүйелері арқылы, атап айтқанда, азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескертеді. беріледі.
Ескерту түрлері:
1. Дабыл сигналдары арқылы: қалада немесе елді мекенде қатты сирена үні (ұзақ, үздіксіз дыбыс) қосылады. Бұл – «Назар аударыңыз, бәріне!» деген бірінші ескерту сигналы. Дыбыс шыққаннан кейін радио, теледидар, телефон, интернет арқылы ресми хабарламаларды тыңдау керек.
2. Ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы: радио және теледидардан төтенше жаңдай туралы жедел хабарламалар беріледі.
3. SMS-хабарлама және мобильді қосымшалар арқылы: Төтенше жағдайлар министрлігі немесе әкімдік мобильді желілер арқылы SMS жібереді. Кейде арнайы қосымшалар арқылы push-хабарлама келеді (мысалы, eGov (1414), Kaspi, Telegram арналары арқылы).
4. Әлеуметтік желілер және ресми сайттар арқылы: Төтенше жағдайлар министрлігінің, әкімдіктің немесе "Қазгидромет" сияқты ұйымдардың ресми Telegram, Instagram, Facebook парақшаларынан білуге болаы.
5. Ауызша ескерту және арнайы көлікпен хабарлау: халық тығыз орналасқан жерлерде жергілікті әкімдік, полиция немесе ТЖ қызметкерлері көлікпен жүріп, дауыс зорайтқыш арқылы хабар таратады.
Егер сирена естіген болсаңыз - бұл төтенше жағдайдың белгісі деп қабылдаңыз. Бірден радио немесе теледидарды қосып, ресми ақпаратты күтіңіз. Смартфон болса — ресми SMS немесе қосымша арқылы хабар келеді.
Кейде арнайы көлікпен жүріп те ескерту жасауы мүмкін.