Кресло-арбаны қандай мерзімде ауыстыруға болады?

    ·
    Сұрақ

    Кресло-арбаны қандай мерзімде ауыстыруға болады?

    Жауап

    Кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдері мүгедектігі бар адамдарды протездік ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса айқындалады. Мүгедектігі бар адамдар жеке абилитация және оңалту бағдарламасында (ЖАОБ) әзірленген іс-шараларға сәйкес бір мезгілде бөлмелі және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен не әмбебап кресло-арбаның немесе кресло-роликтің бір түрімен қамтамасыз етіледі.
    Бөлмелік және/немесе серуендеуге арналған кресло-арбаны әмбебап кресло-арбаға немесе каталка креслосына ауыстыру олардың біреуін ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
    Ауыстыру мерзімі оларды алған күннен бастап есептеледі:
    1) бөлмелі кресло-арбалар -7 жылдан ерте емес;
    2) серуендеуге арналған кресло-арбалар - 4 жылдан ерте емес;
    3) әмбебап кресло-арбалар - 5 жылдан ерте емес;
    4) роликті-орындық - 5 жылдан ерте емес.
    Мысалы: 1 топтағы мүгедектігі бар аз. А. 2021 жылғы 3 қыркүйекте серуендеуге арналған кресло-арба берілді. Арбаны ауыстыру мерзімі 2025 жылғы 4 қыркүйек.
    Кресло-арбаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (мүгедектігі бар адам) мыналар арқылы жүгіне алады:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО);
    2) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
    3) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz,
    мынадай құжаттарды қоса бере отырып:
    1) өтініш;
    2) оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) мүгедектігі бар адам жүгінген кезде нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамның сенімхаты.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйді газбен жабдықтау рәсімі қандай тәртіппен жүргізіледі?

    Жауап

    Тұрғын үйді газбен жабдықтау келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:• Техникалық шарт (ТШ) алу Газдандыру үшін алдымен газ тарату ұйымынан техникалық шарт алынады. Ол үшін өтініш және қажетті құжаттар (жеке куәлік, мүлік құжаттары, техникалық паспорт және т.б.) тапсырылады.• Га...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласынан 10 соттық жер алу үшін 2006 жылы кезекке тіркелген болатынмын. Алайда бүгінгі күнге дейін кезегіміз келмеген. Қызылорда қаласынан жер алуға кезектілік қашан жылжиды?

    Жауап

    2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігімен «Байтерек» тұрғын ауданынан (инфрақұрылыммен толық қамтылған) жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 5112 адамға жер учаскелері табысталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігімен 2006 жылы кезекте тұрған тұлғалардың...

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жасалады ма?

    Жауап

    Облыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, бағаны реттеуде облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алынып, әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда төмен бағада өткізілуде. Соным...

    ·
    Сұрақ

    Профилактикалық екпелерді қашан және қандай жағдайда алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанда профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміндегі міндетті вакциналар тегін беріледі.Вакцинация уақыты инфекцияның уақытына және түріне байланысты:Жаңа туылған нәрестелер: өмірінің алғашқы 1-4 күнінд...

    ·
    Сұрақ

    Ағзаларды донордан алу және трансплантаттау тәртібі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды немесе тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор бола ал...

    ·
    Сұрақ

    МӘМС жүйесінде мемлекет кімдерге жарна төлейді?

    Жауап

    Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және б...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алуға Қазақстанның резидент еместері қатыса ала ма?

    Жауап

    1)ҚР Заңының 3-бабының 24) тармақшасына сәйкес,өнім беруші – осы Заңда көзделген жағдайларда тапсырыс берушiмен жасасқан шартта оның тарапы ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiл...

    ·
    Сұрақ

    Асфальтбетон жабынының қалыңдығы, тығыздығы және сапасы қалай бақыланады?

    Жауап

    Асфальтбетон жабынының қалыңдығын, тығыздығын және сапасын бақылау Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.Бақылау аспаптық өлшеулер жүргізу, сынамалар (керндер) алу және зертханалық сынақтар өткізу арқылы Жол активтері сапасының ұлтты...

    ·