Тұрғын үйге мұқтаж деп кімдер танылады?

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж деп кімдер танылады?

    Жауап

    ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, қандастар мынадай жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер:

    • олардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына қою кезінде соңғы бес жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмаса;
    • олардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою кезінде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген сәтте осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйі болмаса;
    • олардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою кезінде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмаса;
    • олардың жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апатты деп танылса, оны есепке алуды осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

    Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 29 жасқа дейін кезекке тұра алады (кәмелетке толуды күтудің қажеті жоқ). Егер олар әскери қызметте болса, бұл жас қызмет ету мерзіміне ұзартылады.

    Егер отбасы мүшесі мемлекеттен пәтер алған болса (коммуналдық қордан), азамат бірдей негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп таныла алмайды.

    Егер азаматқа апаттық пәтердің орнына жаңа мемлекеттік пәтер берілсе, ол өзінің апаттық мүлкін мемлекеттің (әкімдіктің) меншігіне беруге міндетті.

    Қазақстан Республикасы азаматтары мен қандастарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына қоюды Отбасы банк («Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет orken.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде көрсетіледі.

    Есепке алу қатаң түрде өтініш берушінің тиісті елді мекендегі тіркелген (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сіз қоқысты уақтылы шығармау туралы сұраққа тап болдыңыз ба?

    Жауап

    Егер сіз қоқысты уақтылы шығармау мәселесіне тап болсаңыз, жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіне аласыз. Әкімдік өз құзыреті шеңберінде қоқыс шығарушы ұйымның атына қоқысты шығару кестесінің сақталуы туралы хабарлама жібереді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

    ·
    Сұрақ

    Тұтынушыларды жылуға қосылу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

    Жауап

    Жылу энергиясын алу-сату энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілеріне қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Жылу желілеріне қосылу және жылумен жабдықтауға шарт жасасу техникалық шарттар талаптар...

    ·
    Сұрақ

    Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауд...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай жекешелендіруге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібімен меншікке сатып алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға (не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы) тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өздері тұратын тұрғынжайла...

    ·