Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Заңға сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, ҚР Кәсіпкерлік кодексі мен осы Заңға сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады.
Бақылау органы мемлекеттік бақылауды ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Энергетикалық жабдығы бар жеке немесе заңды тұлғалар, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бақылау органы мемлекеттік бақылауды:
1) ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
3) электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді электр қондырғыларында жұмыс істеуге жібермеу немесе жұмыстан шеттету бойынша;
5) энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығына және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 "Электр энергетикасы туралы" Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000588_