Тұтынушыларды жылуға қосылу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

    ·
    Сұрақ

    Тұтынушыларды жылуға қосылу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

    Жауап

    Жылу энергиясын алу-сату энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілеріне қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

    Жылу желілеріне қосылу және жылумен жабдықтауға шарт жасасу техникалық шарттар талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

    Егер шартта өзгеше қарастырылмаса тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым үздіксіз жүргізеді.

    Шартқа жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісі және осы Қағидалардың 20 тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

    Шартта тұтынушы туралы, жылу жүктемесі, жылу тұтынатын қондырғылардың жылуды тұтынуы, жылу желісіне қайтарылатын конденсаттың, есепке алу торабының деректері, тараптардың пайдалану жауапкершілігі, жылу энергиясына ақы төлеу шарттары көрсетіледі.

    ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидалары.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010234

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сіз қоқысты уақтылы шығармау туралы сұраққа тап болдыңыз ба?

    Жауап

    Егер сіз қоқысты уақтылы шығармау мәселесіне тап болсаңыз, жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіне аласыз. Әкімдік өз құзыреті шеңберінде қоқыс шығарушы ұйымның атына қоқысты шығару кестесінің сақталуы туралы хабарлама жібереді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

    ·
    Сұрақ

    Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауд...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай жекешелендіруге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібімен меншікке сатып алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға (не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы) тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өздері тұратын тұрғынжайла...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж деп кімдер танылады?

    Жауап

    ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, қандастар мынадай жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады, егер: олардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үйме...

    ·