«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер бойынша жобалау құжаттамасыз жүзеге асыра алады:
1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;
2) шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;
3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;
4) үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;
5) қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;
6) техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;
7) ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары, жылыжайлар, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;
8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;
9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;
10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;
11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;
12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар маңында тас төсеніштер төсеуді;
13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;
14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;
15) жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
16) пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды;
17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлауды;
18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;
19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;
20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;
21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.