Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған кірістің барлық түрлері отбасының жиынтық кірісі ретінде қаралады ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032609). Олар:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер;
2) алимент түріндегі кіріс (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518);
3) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс;
4) жеке шаруашылықтан түсетін кіріс;
5) жылжымайтын мүлікті жалға беруден және сатудан түсетін кіріс;
6) бағалы қағаздардан түсетін кіріс;
7) жылжымайтын мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған кіріс;
8) өтеусіз алынған ақша түріндегі кіріс;
9) ақша салымдары және депозиттер бойынша кіріс;
10) ақшалай аударымдар түріндегі кіріс;
11) ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және заттай түріндегі кіріс;
12) ерікті қоныс аударуға қатысушыларға көшуге арналған біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер.