Порталға жолдама алу жолдары:
- Пациент алдымен өз учаскелік жалпы практика дәрігеріне (ЖТД) жүгінеді;
- Дәрігер тексеріп, шағымдарын, анамнезін және жалпы жағдайын бағалайды;
- Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер пациентті жоспарлы госпитализацияға немесе реабилитацияға жіберу туралы шешім қабылдайды.
- Қажетті зертханалық талдаулар, диагностикалық зерттеулер және тар бейінді мамандардың қорытындылары жинақталады.
- Барлық құжаттар медициналық ақпараттық жүйеде рәсімделіп, пациент порталға электронды түрде қойылады.
- Порталдағы кезек автоматты түрде беріледі. Пациентке кезек нөмірі және шақырту туралы ақпарат 1414 байланыс номерінен SMS арқылы немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы хабарланады.