C5 «бизнес-иммигрант» визасын ұзарту үшін жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) өтінішхатын алу қажет. Бұл өтінішхат бизнес-иммигранттың өз міндеттемелерін орындағаны тексерілгеннен кейін беріледі. Ол үшін:
- Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркеуі;
- жарғылық капитал енгізуі;
- бизнес-жоспар ұсынуы тиіс. Кейін аталған құжат ҚР ІІМ көші-қон қызметіне визаны ұзарту үшін тапсырылады. Ұзарту тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысы негізінде айқындылады.
Әкімдікке мынадай құжаттар тапсырылады:
- Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының атына өтініш.
- Шетел азаматының паспорты (салыстыру үшін түпнұсқасы).
- Бастапқы C5 визасының немесе уақытша тұруға рұқсаттың (РВП) көшірмесі.
- Бизнес-жоспар, оның ішінде:
- қызметтің мақсаттары мен бағыттары,
- жоспарланған инвестициялар,
- даму перспективалары,
- жоспарланған қызметкерлер саны.
- Қазақстан Республикасында заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын анықтама.
- Өкілге сенімхат (егер құжаттарды ҚР азаматы тапсырса).
Әкімдік жобаның шынайылығы мен экономикалық өміршеңдігін бағалайды. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге көші-қон қызметі үшін өтінішхат беріледі.