Қазақстанда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке (ұн, нан, күріш, көкөніс, ет, сүтөнімдері және т.б.) шекті 15% сауда үстемесі белгіленген. Егер бұл шектен асып сатылса, бұл — заң бұзушылық. Мұндай жағдайда азаматтар фото және чекпен бірге Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе «E-Otinish» порталы арқылы шағымдана алады. Бизнес субъектісіне қарай 5-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
Атырау облысының тұрғындары Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым білдіре алады. С онымен қатар, келесі арналарды да пайдалануға болады:
«E-Otinish» электрондық өтініштер жүйесі ( https://e-otinish.kz).
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің байланыс арналары.