Мемлекеттік гранттар ағымдағы жылы «бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
Өтінім беру үшін бизнес тіркелген сәттен бастап кемінде бір жыл жұмыс істеуі керек. Өтінім мен құжаттар Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тоқсанына бір рет: 1 наурыздан 15 наурызға дейін, 1 маусымнан 15 маусымға дейін, 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін және 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат Басқарманың gov.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. («Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады).
Толығырақ ақпарат алу үшін кәсіпкерлер мына мекен-жайға жүгіне алады:
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, ескі ғимарат 3-қабат, 303-каб., тел. 8(7122) 354344 (Басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімі);