Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алғанмын. Қаладан аудан орталығына көшіп келдім. Мен жас маман ретінде тұрғын үй алу үшін несие рәсімдей аламын ба? Қандай шарттармен? Ал егер ала алмасам, оның себебі неде?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алғанмын. Қаладан аудан орталығына көшіп келдім. Мен жас маман ретінде тұрғын үй алу үшін несие рәсімдей аламын ба? Қандай шарттармен? Ал егер ала алмасам, оның себебі неде?

    Жауап

    Иә, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген педагогтер «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй несиесін ала алады.

    Бұл мақсатта аудан орталықтарында тұрғын үй сатып алуға 2 500 АЕК (2025 жылы – 9 830 000 теңге) және ауылдық елді мекендерде 2 000 АЕК (2025 жылы – 7 864 000 теңге) көлемінде бюджет несиесі 15 жыл мерзімге жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.

    Бюджеттік несие мен көтерме жәрдемақыны алу үшін негізгі шарт – ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс істеу жөніндегі міндеттемені қабылдау болып табылады.

    «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында мемлекеттік қолдаудың осы түрлерін алу үшін үміткер қалаған ауылдық елді мекендегі сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес бос жұмыс орнына орналасуы қажет.

    Жұмысқа орналасқаннан кейін «Отбасы банк» АҚ порталы (https://otbasybank.kz/) арқылы келесі құжаттарды электрондық форматта тапсыру керек:

    Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

    Жеке басын куәландыратын құжат;

    Білім туралы дипломның көшірмесі;

    Жұмыс орнындағы кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    Некеде тұрған жағдайда неке қию туралы куәлік;

    Кредиттік бюродан алынған есеп.

    Әлеуметтік қолдау шараларын аудандық экономика және қаржы бөлімдері (немесе экономика және бюджет жоспарлау бөлімдері) жүзеге асырады.

    Тіркеу мекенжайы жұмыс орны орналасқан елді мекенмен сәйкес болуы тиіс.

    Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту келесі жағдайларда мүмкін:

    1. Сіз ұсынған құжаттар мен олардағы мәліметтердің жалғандығы анықталған жағдайда;
    2. Жақын туыстардан тұрғын үй сатып алу кезінде;
    3. Соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) негізінде белгілі бір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынған немесе мемлекеттік қызмет алу құқығынан айырылған жағдайда;
    4. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 18-бабының 8-тармағына сай келмеу жағдайында;
    5. «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес жеке деректерге қол жеткізуге келісім берілмеген жағдайда;
    6. Бұрын берілген несиелер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешек болған немесе соңғы 2 жылда 90 күннен астам кешіктірілген төлемдері бар жағдайда.

    Мемлекеттік қолдау шараларын алу шарттары жөнінде қосымша кеңес алу үшін жұмыс орны бойынша қалалық немесе аудандық экономика және қаржы бөліміне (немесе экономика және бюджет жоспарлау бөліміне) жүгінуге болады.

    Мысал:

    Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары оқу орнын аяқтаған соң Өскемен қаласынан аудан орталығы – Қайсенов кентіне көшіп келіп, жергілікті мектепке жұмысқа орналасты.

    Еңбек шартын жасасқаннан және Қайсенов кентінде тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелгеннен кейін ол «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесін алу үшін «Отбасы банк» порталы арқылы өтініш берді.

    Аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі арқылы оған 15 жыл мерзімге жылдық 1% мөлшерлемемен 9,83 млн теңге көлемінде несие мақұлданып, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...