Стрэнглифтинг және Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстар ресми спорттық жарыстар болып табылмайды. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар спорт түрлері тізбесіне енгізілген спорт түрлері мен спорттық пәндер бойынша өткізіледі. «Стрэнглифтинг» және «Со-Киокушинкай каратэ» аталған тізімге енгізілмеген.
Бұл келесіні білдіреді:
1. аталған бағыттар бойынша жарыстар ресми спорттық іс-шаралар ретінде танылмайды;
2. мұндай жарыстардың нәтижелері ресми спорттық статистикаға енгізілмейді, спорттық разрядтар мен атақтар берілмейді.
Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 7-бабына сәйкес, дене белсенділігін дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуге жол беріледі. Сондықтан стрэнглифтинг немесе Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстарды келесі жағдайда өткізуге болады:
1. жеке, клубтық немесе әуесқой негізде;
2. қауіпсіздік және санитарлық нормаларды сақтай отырып;
3. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасын алдын ала хабардар ету арқылы.
Мысал:
Жекпе-жек өнері клубы Со-Киокушинкай каратэ бойынша ашық турнирді дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы ретінде өткізе алады, бірақ ол облыс немесе республика чемпионаты ретінде ресми мәртебеге ие болмайды. |