Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? Мұны жұмысберуші жасай ала ма?
Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлға өздері үшін және (немесе) жақындары үшін өзтабысыесебінен, ал заңдытұлғалар – өзқызметкерлерініңжәне (немесе) үшіншітұлғалардыңпайдасынақаражатсалады.
Еріктізейнетақыжарналарынекіншідеңгейдегібанктерарқылы, сондай-ақжұмысберушігеөтініш беру жолыменаударуғаболады. Соның негізінде жұмыс беруші жарналарды өтінім берушінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу өтінішсіз келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
- ЕЗЖ аудару кезінде БЖЗҚ-ға агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;
- ЕЗЖ аудару кезінде жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға түскен бастапқы жарна негізінде.