Үйіңізді орталықтандырылған жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қалай қосуға болады?

    Орал қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Үйіңізді орталықтандырылған жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қалай қосуға болады?

    Жауап

    Жылу мен ыстық суды қосу үшін жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарын алуға өтініш беру қажет.


    1. Жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарын өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 жылғы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» негізінде әзірлейді.
    2. Техникалық шарттар объектінің орналасқан жерінің сызбасымен және тұтыну түрлері бойынша қосылатын жүктемемен бірге жазбаша өтініш негізінде беріледі.
    3. Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 3 - тарауының 9-тармағына сәйкес техникалық шарттарды беру мерзімі - бес жұмыс күні ішінде.
    4. Объектіні жылумен жабдықтау жүйесіне оңтайлы қосу үшін қолданыстағы жылу желілеріне қосылу нүктесін анықтау керек, материалдарды сапалы өңдеу және дайындау үшін қосымша уақытты қажет ететін жаңадан қосылған объектіні ескере отырып, жылу желісінің өткізу қабілетін анықтау үшін гидравликалық есептеулер мен жылу есептеулерін жүргізу қажет.
    5. Қосылу шарттары жылу желілерінің қуат резервін талдағаннан кейін анықталады. Жылу желілеріне қосылу нүктесі учаске бастығы мен ӨТБ бастығы орнына барғаннан кейін анықталады.
    6. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда (жылу желісінің қолда бар қуаты мен өткізу қабілеті болмаған жағдайда) уәжді бас тарту беріледі.
    7. Техникалық шарттарды беру үшін ақы алынбайды.

    «Жайықжылуқуат» АҚ техникалық шарттарды беруден кейінгі әрекеттер алгоритмін жасады:
    1. Өндірістік-техникалық бөлімде сыртқы жылу желісін «Жайықжылуқуат» АҚ желілеріне қосу жобасын келісу.
    2. Жылу желісін тартып, жылу торабы мен жылу энергиясын есепке алу аспабын монтаждағаннан кейін қабылдау және жылу инспекциясы өкіліне тапсыру (пломбалау) жүргізу.
    3. Жылу желілеріне қосуға жазбаша өтініш беру. Жылу желісін кесу жылу желісін ажыратуға берілген наряд-тапсырма негізінде учаске бастығының бақылауымен жүргізіледі.
    4. Өндірістік-техникалық бөлім өкілімен бірге баланстық тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасын бөлу актісін ресімдеу.
    5. Жылумен жабдықтау шартын жасау үшін өткізу бөліміне жазбаша өтініш беру.
    6. Жылумен жабдықтауға қосу үшін жазбаша өтініш беру.
    Қосу жұмыстары жылу желісін қосуға берілген наряд-тапсырма негізінде учаске бастығының басшылығымен жүргізіледі.


    ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 ж. №211 бұйрығымен бекітілген "Жылу энергиясын пайдалану қағидалары"

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010234

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолда...

    Сұрақ

    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Жауап

    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлердіт и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілгенөтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет Облыстың (қаланың, ауданның...

    Сұрақ

    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы" спорттық разрядтары қалай беріледі?

    Жауап

    Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемле...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалдау шарты жалға алушы қайтыс болған жағдайда кімнің атына қайта рәсімделеді?

    Жауап

    Жалға алушы қайтыс болған жағдайда, егер оның отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) осы тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты бірге тұрған болса, жалдау шарты олардың біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін. Егер жалға алушы жалғыз тұрған болса немесе отбасы мүшелері бірге тұрмаған болса, т...

    Сұрақ

    Орал каласының коммерциялык ғимараттарының сырткы көрнектерінде мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген жағдайда нестеу керек?

    Жауап

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет. Арыз-шағым түседі: Жеке немесе заңды тұлғалардан мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы туралы арыз немесе шағым қабылданады. Бұл шағымды мемлекеттік органдар, азаматтар немесе бас...

    Сұрақ

    Үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.Мәліметтерді үкіметтік...

    Сұрақ

    Үйді немесе дүкенді қайта жабдықтау/реконструкциялау/қайта жоспарлауға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Реконструкцияға(қайта жабдықтау/қайта жоспарлау) рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне электрондық портал арқылы өтініш беру қажет Құрылыс(реконструкция) жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тергеп- тексеру жүргізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру қызметтерімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызме...