Балалардың қай санаттары үшін жазғы лагерьлерде демалу тегін немесе жеңілдікпен беріледі?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Балалардың қай санаттары үшін жазғы лагерьлерде демалу тегін немесе жеңілдікпен беріледі?

    Жауап

    Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін немесе Жеңілдікпен жолдамалар әлеуметтік осал санаттағы балаларға беріледі. Мұндай қолдау басым тәртіппен жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі. Жолдамаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және ҚР Білім Министрінің бұйрығымен бекітілген балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

    Тегін жолдама алу үшін ата-аналар бала оқитын мектеп әкімшілігіне жүгінуі керек. Сауықтыру ауысымдарының тізімдерін мектептер қалыптастырады және жазғы маусым басталар алдында бекіту үшін қалалық және аудандық білім бөлімдеріне жіберіледі. Жеңілдікке құқықты растау үшін отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы құжаттарды ұсыну қажет: көп балалы болу туралы куәлік, атаулы әлеуметтік көмек алу туралы анықтама немесе қорғаншылық органдарының құжаттары.

    Мысал:

    Егер отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып, үш баланы тәрбиелеп отырса, ата-аналар балалардың біріне тегін жолдама беру үшін мектепке өтініш бере алады. Мектеп баланы сауықтыру лагерінің тізіміне енгізеді және бұл тізімді білім бөліміне жібереді. Тізім бекітілгеннен кейін, бала жазғы ауысымға арналған лагерьде тегін орын алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...