Қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-ананың немесе туысының баламен қарым-қатынас тәртібін қалай анықтайды?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-ананың немесе туысының баламен қарым-қатынас тәртібін қалай анықтайды?

    Жауап

    Баладан бөлек тұратын ата-ананың, сондай-ақ атасының, әжесінің, бауырларының немесе әпкелерінің баламен қарым-қатынас жасау тәртібін Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 53 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органы айқындайды.

    Дауды қарау үшін мүдделі тұлға баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық органына өтініш береді. Өтінішке: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттар, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтамалар, сондай-ақ соттылығының жоқтығы туралы анықтама қоса беріледі.

    Өтініш тіркелгеннен кейін қорғаншылық органы өтініш берушімен және бала нақты тұратын ата-анасымен әңгімелесу жүргізеді, қажет болған жағдайда баланың тұрғылықты жеріне барады, мамандардың қосымша мәліметтерін немесе қорытындыларын сұратады және қарым-қатынас жоспарланатын жағдайларды бағалайды.

    Қарым-қатынас тәртібін анықтаудағы негізгі критерий-баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қорғаншылық органы қарым-қатынастың нақты тәртібін белгілей отырып, шешім қабылдайды: кездесулердің жиілігі, қарым-қатынас күндері мен уақыты, Өткізілетін орны, басқа ата-ананың не үшінші тұлғалардың болу қажеттілігі, сондай-ақ баланың өтініш берушіде уақытша болу мүмкіндігі.

    Осылайша, қарым-қатынас тәртібін қамқоршылық органы әрбір жағдайда баланың өтініш берушімен шарттарын, қарым-қатынасын бағалау және № 53 бұйрықта көзделгендей баланың мүдделерін ең жақсы қамтамасыз ету қағидатын сақтау негізінде жеке айқындайды.

    Мысал:

    Бөлек тұратын әке қамқоршылық органына өтініш берді, өйткені анасы кездесулерге кедергі келтірді. Қамқоршылық органы екі тараппен де әңгімелесті, шарттарды бағалады, баланың жасы мен режимін ескеріп, кестені белгіледі: әр сенбі сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін әкесінің тұрғылықты жерінде.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...