Егер байланыс және интернет желісіне қол жеткізу қызметтері сапасы бұзылған жағдайда (мысалы, төмен жылдамдық, байланыстың жиі үзілуі, желінің нашар жабылуы), азамат «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ шағымдануға құқылы. Өтініш мемлекеттік платформа арқылы электрондық түрде беріледі
«e-Өтініш» (https://eotinish.kz).
Өтінішті ресімдеу кезінде:
- проблеманың сипаты (мысалы: интернеттің төмен жылдамдығы, байланыстың жиі үзілуі);
- проблема байқалатын мекенжай (қала, елді мекен, көше, үй);
- байланыс операторының атауы және абоненттік нөмірі;
- проблеманың дәлелі (мысалы: Speedtest немесе ұқсас сервис арқылы интернет жылдамдығын өлшеу скриншоты);
4, Нөмірдің өтініш берушіге тіркелгенін растайтын құжаттар - бұл оператормен жасалған шарттың көшірмесі немесе жеке кабинеттен скриншот болуы мүмкін.
Өтініш Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚР АІЖК) 63-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.
Егер баяндалған фактілер расталса, «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ байланыс операторына сұраныс жібереді, сондай-ақ құжаттардың толық пакеті болған жағдайда техникалық тапсырманы заңнамаға сәйкес оператордың қызметін жоспардан тыс тексеруге бастамашылық ету үшін «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК мекенжайына жібереді.
Мысалы:
Өскемен қаласының тұрғыны «е-Өтініш» арқылы «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ атына өтініш беріп, Назарбаева көшесі 120 мекенжайында «Қазақтелеком» АҚ операторынан интернеттің төмен жылдамдығы байқалатынын көрсетті.
Өтінішке мыналар қоса берілген:
қосылу жылдамдығын өлшеумен скриншот;
роутердің абонент деректері бар фотосуреті;
байланыс мекенжайы мен контактілері.
Өтініш қарауға қабылданды, операторға сұрау салу жіберілді. Фактілер тексерілгеннен кейін өтініш берушіге түсініктемелермен және олқылықтарды жою үшін қабылданған шаралармен ресми жауап жіберілді.